Солтүстік Қазақстан облысының
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
сайтына қош келдіңіздер



Құрметті оқырмандар!

Сіздермен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым қамтамасыз ету комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ресми сайтында сұбхаттаса отырып, Департамент қызметін сипаттайтын барлық ақпаратты жариялап қана қоймай, білім сапасын арттырудың түйінді мәселелеріне де жауап беретін хабарларды орналастыруды өз парызымыз деп санаймыз. «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде «Білім туралы», «Рұқсаттамалар мен хабарландырулар туралы», «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» ҚР Заңдарын, "Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы"

Департамент құрылымы, оның басшылары туралы мәліметтермен, сондай-ақ Департамент қызметін регламенттейтін құқықтық актілермен тиісті бөлімдерде танысасыздар. «Жаңалықтар» бөлімі білім саласында болып жатқан оқиғалар ортасында болуға мүмкіндік береді. Сіздерді толғандыратын мәселелерге жауапты «Сұрақ-жауап» бөлімінен таба аласыздар. Құрметті сайтқа келушілер! Әріптестер, ата-аналар, мектеп оқушылары және лицейлер мен колледждердің оқушылары, Сіздермен өзара түсіністік пен жемісті серіктестікке сенім артамыз.

Алақай Демалыс!

Участие в родительских собраниях

«Онлайн сауалнама» айдары

Құрметті жалпы білім беретін мектептердің педагогтары! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы педагогтарға қатысты заңнаманы сақтау бойынша анонимді сауалнама жүргізді. Сауалнаманың нәтижелері біздің облыстың білім саласында, соның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтар бар екенін көрсетті. Жағдайды қадағалау мақсатында біз онлайн сауалнаманы біздің сайтта орналастырамыз.

Қазақ

Қымбатты достар! Құрметті ата-аналар!

Участие в родительских собраниях

Құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы 2020 жылғы 30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы мектептерінің мұғалімдеріне "Фаворит-мектептер" Телеграмм чатында жасырын сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері білім беру саласындағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтардың бар екенін көрсетті.
Назарларыңызға сауалнамада көрсетілген негізгі мәселелерді қамтитын ақпараттық парақшалар арқылы Сіздерді толғандыратын сұрақтарға жауап таба алатын нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін ұсынамыз.

Толығырақ осыдан қарау

25-мамыр соңғы қоңырау

Участие в родительских собраниях

«БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Солтүстік Қазақстан облысы ХАБАРЛАЙДЫ

Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях

Бала құқығы – басты назарда

Өңірлерде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 992-к бұйрығымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің функционалы кеңейтілді. Осы мақсатта балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі басшының орынбасары лауазымы енгізілді, ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
1989 жылы қабылданған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқығы бар екені айтылған.
Қазақстан Республикасы 1994 жылы балалар Конвенциясына қол қойды және бекітті. 2000 жылы балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға, ал 2001 жылы балалар саудасына, балалар жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультативтік хаттамаға қол қойылды.
Тәуелсіздік жылдары балалардың құқықтарына қатысты 15 халықаралық құжат ратификацияланды.

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті хабарлайды.

Қызмет алушыларға қызметтерді электронды форматта алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Департамент ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орналасқан (жабдықталған).
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Департаменттін құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер туралы, Электрондық үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы кеңестер беріледі.
Департаментпен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) «Білім беру қызметіне лицензия беру»;
2) «Білім туралы құжаттарға апостиль (түпнұсқа)».
Біз сіздерді Петропавл қ., Пушкин к-сі, 81, 201 кабинет мекен-жайында күтеміз.
ХҚКО-да қазақстандықтар тек электронды форматта қол жетімді емес «қағаз түрінде» (мысалы, жеке куәлікті, төлқұжатты ауыстыру, зейнетақы төлемдерін тағайындау) және egov.kz-те алдын ала ұйымдастырылған қызметтерді ала алатындығын хабарлаймыз.
Халыққа қызмет көрсету орталығына бару тек 1414 нөмірі бойынша алдын-ала жасзылу арқылы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы қызмет алуға болады.

ҰБТ-2020 ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

ҚР БҒМ мәліметтеріне сәйкес республика бойынша барлық түлектер саны -141 331 адам, олардың 125 000-нан астамы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген.
Солтүстік Қазақстан облысының 3296 түлектерінің 2477-і ҰБТ-ға өтініш берді, бұл 75,2% құрайды.
ҰБТ өткізу форматы бұрынғыдай қалады.
Тестілеу өткізу кезеңі 2020 жылдың 20 маусымынан 5 шілдесіне дейін.
Танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз

Білім беру ұйымдарында артық қағазбастылықты болдырмау- сапаны қамтамасыз ету департаментітің басты назарында

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі педагог қызметкерлердің есеп беруін барынша азайту бойынша шаралар қабылдауда.
Бұл бірінші кезекте нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру арқылы жасалады. Алғаш рет педагог қызметкерлердің толтыруға қажетті құжаттар тізбесін бекітетін ресми құжат пайда болды – бұл «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
Орта білім беру педагогы тұрақты негізінде 4 міндетті құжатты толтырады: сынып журналы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар, жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау туралы мәліметтер. Егер педагог жас мамандарға тәлімгер болып табылса, онда көрсетілген тізімге тағы 1 құжат қосылады.
Сонымен қатар, егер мұғалім сынып жетекшісінің қызметін атқаратын болса, бұл жағдайда, бұдан басқа 4 құжат бар: тәрбие жұмысының жоспары, ата-аналар жиналысының хаттамасы, білім алушының жеке ісі, үлгеріміт уралы табелі, олар мерзімді түрде толтырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жұмыс оқу бағдарламасын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастырады,тұрақты негізде теориялық немесе өндірістік оқытуды есепке алу журналын жүргізеді, күнделікті сабақ жоспарын құрайды.
Егер оқытушы сынып жетекшісінің қызметін атқаратын болса, онда көрсетілген тізбеге тәрбие жұмысының жоспары қосылады.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары үшін Министрдің бұйрығымен құжаттардың өз тізбесі көзделген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша соңғы екі жылда есептілік орта білім беруде 22% – ға, техникалық және кәсіптік білім беруде 20% - ға қысқарды.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген бұйрықпен сынып журналдарының, факультативтік сабақтар немесе үйде оқыту журналының, күнтізбелік-тақырыптық жоспардың, күнделікті сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспардың, жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау туралы мәліметтердің, педагог-тәлімгердің жұмыс жоспарының, тәрбие жұмысының жоспарының, ата-аналар жиналысының хаттамасының, білім алушының жеке ісінің, үлгерімітуралы табелінің және т.б. нысандардың түрлері бекітілген.
Қазіргі уақытта тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру парақтарын, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын Ұлттық білім беру деректер қорымен синхронизациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл бақылау органдардың ақпарат сұраныстарының санын азайтуға мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұлттық білім беру деректер қорындағы статистикалық мәліметтерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы тармақтарының бірі болып табылатынын еске салады. Жаңа Біліктілік талаптарының жобасына бұл норма оның бірі ретінде енгізілген, оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы көзделген.

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер

Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі нормативтік құқықтық актілер шығарды және қолданыстағы нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Апта жаңалықтары (27-30.04.2020)

Участие в родительских собраниях

Елімізге енгізілген төтенше жағдай кезінде білім беру саласында қашықтықтан үздіксіз күнделікті жұмыс жүргізілуде.
Осы аптада Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Сұрағанова қашықтықтан 2 кеңеске қатысты:
1) 2020 жылғы 27 сәуірде Облыстық білім басқармасының кеңейтілген кезекті алқалық мәжілісіне
Онлайн форматта өткізілген кеңес өте ұтымды және ыңғайлы өтті. Алқа барысында күн тәртібіне бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Ең бастысы оқу жылының аяқталуына байланысты ақпарат берілді. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай мен оқушылардың қашықтан оқыту түріне ауысуына байланысты Білім және ғылым министрлігі 9 (10) сынып оқушылары
үшін қорытынды аттестаттау емтихандарын, ал 11 (12) сынып оқушылары үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын 1-10-сынып оқушыларына қатысты 1 БЖБ мен 1 ТЖБ өткізілетін болады. Сонымен қатар, ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатқанын бөлім басшысы В. Черных баяндады. Айта кету керек, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет емес. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады.
Айта кеткен жөн, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беру керек.
Алқа қатысушылары оқушылырдың жазғы сауықтыру жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы, білім мекемелерінде уақтылы күрделі жұмыстардың сапалы жүргізілуін қадағалануы туралы және т.б. мәселелерді қарастырып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Участие в родительских собраниях

2) 29 сәуірде бейне конференция арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағалығымен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес
Бұл шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын талдау, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі бағыттарын түсіндіру болды. Екі жүзден астам аудиторияны қамтыған кеңесте білім саласында қызмет ететін азаматтарға маңызды баяндама жасалды.
Кеңес барысында білім беру саласындағы көп көлемдегі заң бұзушылыққа ерекше назар аударылды, республика бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкелетін деректер талқыланып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы К.Сарсембаев қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мониторингіне, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді және осы бағытта мақсатты жұмыс жүргізуді күшейту керектігіне баса назар аударды.
Білім саласындағы қызметкерлердің өз міндеттерін атқару барысында кездесетін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мен алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы айтып өтті. Осы жұмыстың шеңберінде білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірлескен ашық ынтымақтастықта тұрақты жұмыс жүргізуді ұсынды.

Ұстаздың құқығы мен мәртебесі Заңмен қорғалады

Ресми құжатта мұғалімдердің кәсіби еңбегіне жатпайтын басқа қызметтерге тартуға жол берілмейді. Педагогтан заңда көрсетілмеген қандайда бір форма түріндегі есепті немесе ақпаратты талап етуге тыйым салынады. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 «COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы» бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарынан, педагогтерден қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша есептілікті не ақпаратты талап етуге тыйым салынып, білім беру ұйымдарына бара отырып, түрлі тексеру (мониторингтік) іс-шараларын өткізуді тоқтатылсын делінген. Бұл туралы ақпаратты білім беру ұйымдарының басшыларына аталған заң және бұйрық талаптарын қатаң орындалуы туралы Солтүстік Қазақстан білім басқармасында өткен кеңесінде айтылды. Ұстаздар құқығын бұзғандар заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, мұғалімдерді еріксіз баспасөз басылымдарына жаздыртуға тыйым салынады.
Құрметті ұстаздар! Егер «Педагог мәртебесі туралы» заңның бұзылу фактілері болған жағдайда Солтүстік Қазақтан облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне төмендегі байланыс телефоныны хабарлауыңызды сұраймын: 87057012374, 87025905829
Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях

Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Құрметті ұстаздар!

Участие в родительских собраниях

Рұқсаттық бақылауды жүргізуін тоқтатылуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 08 сәуірдегі № 135 «COVID-19 пандемия коронавирустық инфекция кезінде оқу процесін қашықтықтан білім беру технологияларына ауысу кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы» бұйрығының 1-тармағы 1)- тармақшасы негізінде лицензиаттар және де басқа өтініш берушілерін рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге рұқсаттық бақылауды жүргізуін тоқтатылуы туралы хабарлайды.

2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығы

“COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығы Жүктеу

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

«Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы» қызметіне – Марина Анатольевна Панарина.

Әнгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ 2020 жылдың 20 наурызында мына мекен-жайда: Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 81, №4 ғимарат, 2 қабат, 201 каб., сағат 16.00 өтетін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі
білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы лауазымына:
– Марина Анатольевна Панарина.

Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты бақылау әдістері мен тәсілдері

27–28 ақпанда Педагогикалық шеберлік орталығы департаменттің қызметкерлерімен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты бақылау әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты - мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында сабақты тиімді бақылау және кері байланыс жасау дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Сабақ барысында Петропавл қ. ПШО филиалының тренері Надия Кадыровна Батырова мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, тиімді оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау аспектілері, сабақты жоспарлаудағы жаңа тәсілдер туралы айтты. Практикалық сабақтар деректерді жинау және талдау әдістерін, конструктивтік кері байланысты ұсыну және мұғалімнің рефлексивтік тәжірибесін дамытуға бағытталған.

Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях

Беттер

Subscribe to Официальный интернет-ресурс  Департамента по обеспечению качества в сфере образования   Северо-Казахстанской области RSS