Меню KDT

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250

Білім беру қызметін лицензиялау

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті хабарлайды.

 

Қызмет алушыларға қызметтерді электронды форматта алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін Департамент ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орналасқан (жабдықталған).
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Департаменттін құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер туралы, Электрондық үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы кеңестер беріледі.
Департаментпен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) «Білім беру қызметіне лицензия беру»;
2) «Білім туралы құжаттарға апостиль (түпнұсқа)».
Біз сіздерді Петропавл қ., Пушкин к-сі, 81, 201 кабинет мекен-жайында күтеміз.
ХҚКО-да қазақстандықтар тек электронды форматта қол жетімді емес «қағаз түрінде» (мысалы, жеке куәлікті, төлқұжатты ауыстыру, зейнетақы төлемдерін тағайындау) және egov.kz-те алдын ала ұйымдастырылған қызметтерді ала алатындығын хабарлаймыз.
Халыққа қызмет көрсету орталығына бару тек 1414 нөмірі бойынша алдын-ала жасзылу арқылы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы қызмет алуға болады.

 


2020 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың қызметіне деген халықтын сенімін арттырудағы маңызды аспекті. Бүгінгі таңда бұл мәселенің өзектілігі мемлекеттік қызметтердің адам өмірінің барлық салаларын және бүкіл кезеңін қамтитындығымен түсіндіріледі. Жыл сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету процесі көрсетілетін қызметті алушылар үшін ыңғайлылық пен қол жетімділік тұрғысынан жетілдіріле түсуде, сол арқылы мемлекеттік қызметтер халықтың сұранысына ие болып келеді.
Біздің мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында өз жұмысын келесі қағидаттардың негізінде құрады: ынтымақтастық және серіктестік, есеп беру және ашықтық, азаматтардың қатысуы, тұтынушыларға бағытталған, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жоғары кәсібилік.
Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) «Білім беру қызметіне лицензия беру»;
2) «Білім туралы құжаттарға апостиль (түпнұсқа)».
Білім беру қызметіне лицензия беру үшін өтініштер «электрондық үкімет» веб-порталы бойынша «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Осы бағытта 2020 жылдың 1 тоқсанында 74 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
68 - мемлекеттік қызмет толық орындалғаныме, 6-у кері қайтарылды (ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты - 1; өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі - 5).
Білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарға апостиль қою (бұл дипломдар, аттестаттар, ҰБТ, КТА сертификаттары, табельдер, білім туралы аңықтамалар) - бұл құжаттың түпнұсқалығын растау және басқа мемлекеттің аумағында заңды күш беру үшін жасалынатын рәсім.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) филиалдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары және «электрондық үкімет» веб-порталы - www.egov.kz (бұдан әрі - «ЭҮП») арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша берілген нәтиже Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2020 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік білім туралы құжаттардың апостилін (түпнұсқа) берудің 35 қызметы ұсынылды.
Оның ішінде 34 өтініш Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 1-і ЭҮП арқылы түсті.
Есеп беру кезеңінде білім туралы құжаттардың апостиль (түпнұсқалары) беру мемлекеттік қызметінде кері қайтару болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына департаменттке шағымдар түскен жоқ. Барлық өтініштер уақтылы карастырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Департаменттің веб-сайтында және ақпараттық стендтерде орналастырылған.
Консультациялық көмек телефон арқылы немесе жеке көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы сәтті серіктестіктің қалыптасуы мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың сапалы жаңа деңгейіне жету жолы болып табылады.

"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы

«Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет инфографикасы

E-лицензиялау туралы осында таныса аласыздар

Руксаттамалар мен хабарландырулар

Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Білім беру қызметтерін лицензиялау бойынша комиссия туралы жағдайы

Білім беру қызметтерін лицензиялау бойынша комиссияның құрамы

«Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Білім беру қызметіне лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

«Білім беру қызметіне лицензияберу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтежесіне шағымдану тәртібі

"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінің сыртқы порталын қолданушылардың Нұсқаулығы

Бағалау іс-шаралары нәтижесі туралы ақпарат

Сенім телефоны туралы ақпараттандыру

Kөрсетілітін қызметті берушінің сенім телефоны 49-39-66, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің СҚО бойынша департаменттің сенім телефоны 36-01-62, кол-центр 1424

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментімен 2017 жылғы 30 наурызда мемлекеттік органның 2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептің жария талқылауы өткізілді.

Отчета о деятельности в сфере оказания государственных услугОтчета о деятельности в сфере оказания государственных услугОтчета о деятельности в сфере оказания государственных услуг

 

Отчета о деятельности в сфере оказания государственных услугОтчета о деятельности в сфере оказания государственных услугОтчета о деятельности в сфере оказания государственных услуг

 

Есепті осы жерден қараңыз

Хабарлама

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2017 жылғы 30 наурызда сағ.15.00-де мемлекеттік органның 2016 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептің жария талқылауы өткізілетіні туралы мүдделі жеке және заңды тұлғаларға хабарлайды.
Мекенжай: Петропавл қ., Пушкин к., 81, №221 каб.