Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Мониторинг нәтижесі

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің кезекті жұмыс кеңесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі А.Қ. Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша өткізілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы санитарлық-гигиеналық  жайлылық  мониторингі нәтижелері қарастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 483 балабақша мен мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс істейді, оның 463-і мемлекеттік, 20-сы жекеменшік.

Облыс аудандары мен Петропавл қаласының білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша, жылы дәретханалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын әрбір білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Алайда олардың 32,4%-ы ағымдағы жөндеуді, ал  6% -ы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Департамент қызметкерлеріне білім беру ұйымдарындағы профилактикалық бақылау кезінде санитарлық-гигиеналық жайлылықпен жабдықталуын талаптарға сәйкестігін бақылау тапсырылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь