Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының Петропавл қаласы педагогикалық қоғамдастығымен кездесулеріне қатысу

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында ағымдағы жылдың 1 және 5 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының Петропавл қаласы мектеп директоры және педагогтармен кездесуі өтті.
СҚО Білім саласындағы бақылау департаменті МҚІА шақыруы бойынша аталған іс-шараларға қатысты.
Қамқоршылық кеңестерінің жұмысы туралы және мектептерде ақша жинау мәселелері бойынша Департаменттің бас маманы Ахметова Б.К. сөз сөйледі.
Кездесуде қатысушыларға Қамқоршылық кеңестердің қызметі бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының нормалары түсіндірілді, білім беру саласындағы ең өткір және үнемі талқыланатын тақырыптардың біріне, мектептерде ақша жинау мәселесіне, құқықтық баға берілді.
Кездесу соңында мектеп басшылары мен педагогтарға өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь