Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім беру ұйымдарында артық қағазбастылықты болдырмау- сапаны қамтамасыз ету департаментітің басты назарында

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі педагог қызметкерлердің есеп беруін барынша азайту бойынша шаралар қабылдауда.
Бұл бірінші кезекте нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру арқылы жасалады. Алғаш рет педагог қызметкерлердің толтыруға қажетті құжаттар тізбесін бекітетін ресми құжат пайда болды – бұл «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі № 130 бұйрығы.
Орта білім беру педагогы тұрақты негізінде 4 міндетті құжатты толтырады: сынып журналы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар, жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау туралы мәліметтер. Егер педагог жас мамандарға тәлімгер болып табылса, онда көрсетілген тізімге тағы 1 құжат қосылады.
Сонымен қатар, егер мұғалім сынып жетекшісінің қызметін атқаратын болса, бұл жағдайда, бұдан басқа 4 құжат бар: тәрбие жұмысының жоспары, ата-аналар жиналысының хаттамасы, білім алушының жеке ісі, үлгеріміт уралы табелі, олар мерзімді түрде толтырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері жұмыс оқу бағдарламасын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастырады,тұрақты негізде теориялық немесе өндірістік оқытуды есепке алу журналын жүргізеді, күнделікті сабақ жоспарын құрайды.
Егер оқытушы сынып жетекшісінің қызметін атқаратын болса, онда көрсетілген тізбеге тәрбие жұмысының жоспары қосылады.
Білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары үшін Министрдің бұйрығымен құжаттардың өз тізбесі көзделген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері бойынша соңғы екі жылда есептілік орта білім беруде 22% – ға, техникалық және кәсіптік білім беруде 20% - ға қысқарды.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген бұйрықпен сынып журналдарының, факультативтік сабақтар немесе үйде оқыту журналының, күнтізбелік-тақырыптық жоспардың, күнделікті сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспардың, жиынтық бағалау қорытындысы бойынша талдау туралы мәліметтердің, педагог-тәлімгердің жұмыс жоспарының, тәрбие жұмысының жоспарының, ата-аналар жиналысының хаттамасының, білім алушының жеке ісінің, үлгерімітуралы табелінің және т.б. нысандардың түрлері бекітілген.
Қазіргі уақытта тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру парақтарын, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын Ұлттық білім беру деректер қорымен синхронизациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл бақылау органдардың ақпарат сұраныстарының санын азайтуға мүмкіндік береді.
Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұлттық білім беру деректер қорындағы статистикалық мәліметтерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы тармақтарының бірі болып табылатынын еске салады. Жаңа Біліктілік талаптарының жобасына бұл норма оның бірі ретінде енгізілген, оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы көзделген.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь