Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Бала құқығы – басты назарда

Өңірлерде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 992-к бұйрығымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің функционалы кеңейтілді. Осы мақсатта балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі басшының орынбасары лауазымы енгізілді, ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.
1989 жылы қабылданған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқығы бар екені айтылған.
Қазақстан Республикасы 1994 жылы балалар Конвенциясына қол қойды және бекітті. 2000 жылы балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға, ал 2001 жылы балалар саудасына, балалар жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультативтік хаттамаға қол қойылды.
Тәуелсіздік жылдары балалардың құқықтарына қатысты 15 халықаралық құжат ратификацияланды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь