Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Консультативтік-кеңесші органының бірінші отырысы

2021 жылдың 12 ақпан күні сағат 15.00-де СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында жасалған СҚО білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының (ККО) бірінші отырысы өтті. Әдеп жөніндегі Кеңестің негізгі міндеттері: 1) «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының норма-лары мен педагогтік әдеп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету; 2) педагогтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және алдын алуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу; 3) қоғамдағы педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру. Әдеп жөніндегі Кеңес негізгі міндеттерге сәйкес келесі функцияларды орындайды: 1) білім беру ұйымдары басшыларының және өзге лауазымды, өзге де тұлғалардың «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін сақтау мәселелерін қарау; 2) «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын және педагогтік әдеп ережелерін бұзудың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу. ККО құрамына білім саласының ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымының, СҚО білім басқармасының, Петропавл қаласының білім бөлімі өкілдері, ТжКБ және орта мектеп мұғалімдері кірді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь