Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкердің салтанатты ант қабылдауы

Ағымдағы жылдың жиырма тоғызыншы қаңтарда департаментте мемлекеттік қызметкер Күлзағира Бикенқызы Нұртаеваның ант беру рәсімі өтті. Салтанатты антты департамент басшысы А.А.Сұрағанова қабылдады. Айнагүл Ағыбайқызының айтуынша, ант қабылдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес. К.Б. Нұртаева еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Департамент басшысы жаңадан тағайындалған мемлекеттік қызметкерді сынақ мерзімін табысты аяқтап, Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдауымен құттықтады. Қызметте табысты болуды тілеп, өзіне артылған үміт пен сенімді ақтап, өз міндеттерін адал атқаратындығына сенім білдірді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь