Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

2021 жылдың 21 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бөлімінің бастығы брифинг өткізді


2021 жылдың 21 сәуір күні СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.А. Сұрағанованың «Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органның қызметін ұйымдастыру туралы. Педагог құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбындағы  Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифингісі өтті.

Брифинг барысында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ККО) қызметі туралы есепті ұсынды: негізгі міндеттер, функциялар, өкілеттіктер, қызметті ұйымдастыру, ККО құрамы.

Өз сөзінде басшы Департаменттің ККО қызметі және педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын басты назарға алды: Солтүстік Қазақстандағы білім беру ұйымындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысын ұйымдастырудың мониторинг нәтижелері ұсынылды.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының 559 білім беру ұйымында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрылды, оның ішінде:

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында-73;

-бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында-442;

-ТжКБ ұйымдарында -20;

-басқа ұйымдарда: қосымша білім беру ұйымдары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды қолдау орталықтары -24. Мониторинг нәтижелері бойынша ККО отырысы өтті.

Кеңестер құрамына  мұғалімдер, білім беру саласында жұмыс істейтін білім беру бөлімдерінің, басқарманың, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері кірді.

Оқу жылының басынан педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің  875 отырысы өткізіліп, 42 өтініш қарастырылған.

Өз баяндамасында Департамент басшысы А.А.Сураганова. сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы кодекс анықталған мұғалімнің мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тоқталды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь