Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім мекемелерінің өкілдерімен кездесу


«Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Мағжан  Жұмабаев ауданының филиалы ғимаратында 2021 жылы 4 маусымда болған жұмыс сапары кезінде департамент басшысы А.А.Сұрағанова ауданның  білім  мекемелерінің басшыларымен, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жетекшілерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралардың күшейту мәселесі бойынша ұсыныстар жасалды. Мекемелердегі бейнебақылаудың «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы»  Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 және Қазақстан Республикасы Білім беру және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бірлескен бұйрығына сәйкес болуына назар аударылды.

Білім беру саласындағы маңызды мәселе – балаларға арналған дәретханалардың мектеп ғимаратының ішінде болуы.ҰББД  қорынан алынған деректер бойынша бұл талап барлық мектептерде орнатылған, дегенмен кейбір мектептерде сумен қамтамасыз етілмеген фактілері кездеседі. Профилактикалық бақылау кезінде анықталған кемшіліктерге назар аударылып, білім мекемелеріне қойылатын біліктілік талаптар туралы айтылды.

Сонымен қатар, СҚО білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Консультативтік-кеңесші органының (ККО) құрылу мақсат-міндеттерімен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.  «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары мен педагогтік әдеп ережелерін сақтауды қамтамасыз ету туралы, педагогтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және алдын алуға бағытталған ұсынымдар жасалды.  Кездесу соңында әріптестердің сауалдарына жауап берілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь