Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІНІҢ СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ


Тамыз конференциясы аясында 12.08.2021 жылы «Білім беру жүйесінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері» тақырыбында секция жұмысы өтті.
Секциясының жұмысы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру жетістіктерін мониторингілеуді енгізуге (ББЖМ), сондай-ақ ББЖМ нәтижелері бойынша мектептермен және колледждермен кері байланыс орнату мәселелеріне арналды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланды.
Секция жұмысын ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Г.І.Көбенова құттықтау сөзімен ашты.
Жұмыс барысында «Білім беру ұйымдарында білім беру жетістіктерін мониторингілеуді енгізу туралы» - М.С.Әбдікәрім, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының орынбасары; «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуде ҰБА-ның рөлі туралы» - Л.Қ. Бөлебаева, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының зертхана меңгерушісі; «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау» -А.Б. Сеитов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бас сарапшысы баяндамалары ұсынылды.
Секция жұмысына СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, облыстық білім басқармасының, облыстық әдістемелік орталық және білім беру орындарының қызметкерлері қатысты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь