Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу және оған дайындық алгоритмін түсіндіру

Cолтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарын жаңа формата мемлекеттік аттестаттаудан өткізу және оған дайындық алгоритмін түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуде. Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М.А. Панарина ағымдағы жылдың 14-ші қыркүйегінде Тайынша ауданы мектептерінің директорлар кеңесінде сөз сөйледі.

Мектеп директорларының назары оқу жылының қорытындысы бойынша жыл сайынғы өзін-өзі бағалауды құрастыру және оны білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастыру қажеттілігіне аударылды. Өзін-өзі бағалауды құру тәртібі «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшем-шарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен реттеледі (жаңа редакцияда-2021 жылғы 26 шілдедегі № 366 бұйрығымен). Бірыңғай тәсілді және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдар әзірледі.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь