Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Ұстаздарға арналған ҰБТ

2021 жылдың 30 қазанында Солтүстік Қазақстанның «U-Future» ЖШС филиалында облыс мұғалімдері үшін Ұлттық біліктілік тестілеу аяқталды.

2021 жылғы 15 қазан мен 30 қараша аралығында Ұлттық біліктілік тестілеуге 2250 педагог, оның ішінде жалпы орта білім беру мұғалімдері; қосымша білім беру педагогтары (интернаттардың, жатақханалардың және арнайы ұйымдардың тәрбиешілері); мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтары; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, білім беру ұйымдарының басшылары және тар мамандықтар бойынша ТжКБ оқытушылары  қатысты.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық дәрігерлер ұсынған шаралар: кіре берісте термометрия, бетперде мен қолғаптың бар-жоғын тексеру, қашықтықты сақтау сақталды.

Біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тестілеу процесі бейнебақылаумен бірге жүреді, жазба жүргізіледі, соның арқасында тестілеу ережелерінің барлық бұзушылықтары бақыланады.

2021 жылдың 15 қазан мен 30 қараша аралығында 10 педагог тестілеу ережелерін бұзып, тыйым салынған заттарды – телефондар мен  шпаргалкалар пайдаланғаны үшін шеттетілді. Нәтижелері жойылып, педагогтерге тәртіптік жаза қолданылды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты білім беру ұйымдарының басшыларына тестілеуді өткізу ережелері туралы педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь