Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім беру ұйымын аттестаттау шеңберіндегі кешенді тестілеу

Орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) білім беру ұйымдарын бағалау кезінде кешенді тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының қызметін бағалау білім беру ұйымдарында 4, 9, 11-сынып оқушыларының оқу нәтижелерін бағалау тәртібін пайдалана отырып жүргізіледі. 2021 жылғы 3 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының білім сапасын қамтамасыз ету Департаментінің қызметкерлері бақылаушы ретінде облыстың төрт мектебінде, оның ішінде Тимирязев ауданындағы үш мектепте ауданы: Қазақ мектеп-интернаты, Ақжан негізгі мектебі, Степная орта мектебі және Уалиханов ауданының Қарашілік бастауыш мектебіндегі кешенді тестілеуге бақылаушы ретінде қатысты. Үш мектепте тестілеу интернетке қосылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді. Бір мектепте интернетке қосылусыз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын офлайн тестілеу өткізілді.

Жалпы, тестілеуге 58 оқушы қатысты, оның ішінде 4 сынып – 24, 9 сынып – 21, 11 сынып – 13 оқушы қатысты.

Білім беру ұйымдарының басшылары кезекші аудиториялар тізімін, білім беруді ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың тізімін бекітті, медицина қызметкері мен педагог-психологтың болуын, білім алушылардың тестілеуге қатысуын қамтамасыз етті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь