Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім беру мекемелері басшыларына арналған семинар

СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Д.К. Аульбеков ағымдағы  жылдың 22 желтоқсанында Аққайың ауданы мектептерінің директорлары мен балабақша меңгерушілері кеңесінде білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын жүргізу бойынша нормативтік –құқықтық актілерді түсіндіру семинарын өткізді.

Семинар барысында мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері оқу жылының қорытындысы бойынша жыл сайынғы өзін-өзі бағалауды құру және оны білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастыру қажеттілігіне баса назар аударылды. «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен, сондай-ақ «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 700 бұйрығымен өзін-өзі бағалауды жасау тәртібі реттеледі. Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу кезінде бірыңғай тәсілді және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарының тармақтары түсіндірілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь