Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Әлеуметтік желілер және БАҚ мониторингі

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті өңірлік білім беру жүйесінің мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге түскен өтініштерге күнделікті мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізеді. Талдау үшін деректер көздері: Facebook, Instagram, Telegram чаттары: «Фаворит», «Бала қорғау», БАҚ.

Мониторинг жеке қолданушылар мен қауымдастықтардың жазбаларын қамтиды, нақты уақыт режимінде талқылауларды қадағалауға, ықтимал тәуекелдерді талдауға, дер кезінде жауап беруге және ата-аналар, педагогтер, өңірдің қоғам белсенділері көтерген өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

2021 жылы 64 өтініш түсті. Өтініштердің басым бөлігі (41%) педагогтердің еңбекақысын төлеу мәселелеріне қатысты. Ата-аналар мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша сұрақтар қояды: осындай 6 өтініш болды. Облыс педагогтері мектеп мұғалімдерін аттестациялау, әлеуметтік қорғау және олардың құқықтарын сақтау мәселелері жиі қызықтырады. Мұндай сұраныстардың үлесі -14% құрайды. Ағымдағы жылы 23 өтініш «басқа» санатттан: облыс мектептеріндегі жөндеу және температуралық режим мәселелері, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі ұйымдарда жұмысты ұйымдастыру мәселелері және т.б.

Келіп түскен сұрақтардың әрқайсысы бойынша СҚО БССҚД және жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыстар жүргізді. 41 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 23 өтініш бойынша шешім қабылданды.

Мәселелерді шешу кезінде тәртіптік жазалар: директорға, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшісіне және бір мектептің хореографына ескерту қолданылды. Екі жағдайда: бір мектептің директоры мен балабақша тәрбиешісінің көмекшісіне айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

2021 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Департаменттің сенім телефонына 14, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сенім телефонына Солтүстік Қазақстан облысының білім саласына қатысты 5 қоңырау түсті. Барлық сұрақтар мен өтініштер бойынша түсініктемелер беріліп, шешім қабылданды.

Солтүстік Қазақстан облысында БАҚ, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мониторингі Білім беру сапасын қамтамасыз ету Департаментінің күнделікті бақылауында.

Дегенмен, көп жағдайда қолданушылар, бұл жағдайда педагогтер, жасырын немесе бүркеншік атпен жариялауды қалайды, аймақ немесе жұмыс орны бойынша деректерді көрсетпейді, бұл осы мәселелерді шешуге көмектесуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету Департаментінің сайтында, Департаменттің Facebook желісіндегі парақшасында, «Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті» тобында; «Солтүстік Қазақстан БССҚД, Білім жаңалықтары»/Новости образования арнасында Telegram мессенджерінде, WhatsApp чаттарында педагогтердің құқықтарының бұзылуы туралы Департаментке хабарлау қажеттігі туралы облыс мұғалімдеріне үндеу жарияланды.

Байланыс телефоны: 87152493966, 87152493828, 87057012374

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь