СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ
<
введите текст
Список пуст
введите текст
жаңалықтар
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ағымдағы жылдың сәуір айында СҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстың сегіз орта білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау өткізді.
Сараптама комиссиялары білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын және оған қоса берілетін материалдарды зерделеу мен талдау негізінде 1 мектептегі білім беру қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп санауға шешім қабылдады. Қалған 7 мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бұзылғаны анықталды.
Аттестатталмаған мектептер анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын әзірлеуі тиіс. Білім беру ұйымы таңдаған және Департаментпен келісілген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылаушы органның қызметкерлері ақпаратты зерделеп, қайталама қорытынды беретін болады.
Департамент мамандары мектеп әкімшілігі мүшелерінің білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді нашар білетіндігін атап өтті, бұл олардың практикалық қызметіндегі бұзушылықтардың себебі болып табылады.