Меню KDT

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250

Департамент туралы

Департамент туралы

 

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Ережеге сәйкес іске асырады.

Департамент мемлекеттік мекеменің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған жедел басқару, жалға алу және өзге де негіздер құқығында өзіне тиесілі жеке мүлікке иелік етеді, жеке балансы, мемлекеттік тілдегі аталуы көрсетілген мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте аумақтық қазынашылық органдарда ашылған шоттары болады.

3. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.