Онлайн режимде семинар өткізді

2020 жылғы 4 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі-Департамент) қызметкерлері облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін онлайн режимде семинар өткізді.
Семинар барысында Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М.А. Панарина «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты түсініктемелер берді (бұдан әрі – БТ). Атап айтқанда, түзетулер білім беру саласындағы мамандарды даярлау, колледждердің соңғы 2 жылда білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі талаптарға қатысты болды, сондай-ақ студенттердің тұруына жағдай жасау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы туралы талап қосылды және т. б.
Семинар қорытындысы бойынша Департамент білім беру ұйымдарына БТ-на енгізілген түзетулерді зерделеуді және олардың қызметін БТ-на сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынды.

Участие в родительских собраниях  Участие в родительских собраниях Участие в родительских собраниях