Петропавл қ. №5 орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
admin - Дс, 02/11/2020 - 17:01
2020 жылғы 30 қазанда Петропавл қ. №5 орта мектебінің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста кеңестің құрылымын, 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды. Мектеп директоры И. Б. Ельцова Қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында жан басына қаржыландыруды енгізу, қаражатты жұмсау мәселелері бойынша сөз сөйледі. І тоқсанның алдын ала қорытындысымен және оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.М. Алимова таныстырды. Бақылаушы ретінде отырысқа СҚО БССҚД сыртқы бағалау бөлімінің бас маманы К. Б. Нұртаева қатысты.