Сұрақ – жауап

21.09.2017
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына ішкі конкурс жариялайды.
Әкімшілік және қаржылық жұмысы бөлімінің басшысы.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты С-О-4.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
. департаментте даярланатын құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнамалар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуын бақылау, және көрсетілген құжаттардың жобасын даярлауға қатысу; білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттау және тексеруге қатысу; әкімшілік құқық бұзұшылық туралы хаттамаларды толтыруға қатысу; ұлттық біріңғай тестілеуді және оқушылардың оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу; заңнама бойынша ақпараттық жұмысты, сонымен қатар Департаменттің лауазымдық тұлғаларын олардың кызметіне қатысты заңнамалық және нормативтік актілермен таныстыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады; нормативтік құқықтық актілердің есебін, сақталуын және талдауын жүргізеді, оларды бақылау жағдайында ұсталуын қамтамасыз етеді; нормативтік құқықтық актілерді зерттейді, басшылыққа талдау материалдарын және нормативтікқұқықтық актілерін жасау бойынша ұсыныстар беру және Департаменттің құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындау, бөлім жұмысының тоқсандық және ағымдық жұмыс жоспарларын әзірлеу, олардың тиісті уақытында орындалуын қызметкерлерге жеткізу және бақылау; Департаменттің құжаттамалануын және іс жүргізуін ұйымдастыру; бақылау тексерістері және мемлекеттік аттестатау жоспарының тиісті уақытында орындалуына бақылау жүргізу; Департаменттің қоғамдық қабылдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету, басқа ведомстволар және областық құрылымдар, олардың ведомстволық бағынысындағы ұйымдарымен, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен Департамент құзыретіне енетін мәселелер бойынша өзара әрекет жүргізу. Департаменттің іс жүргізуіне мемлекеттік тілдің енгізілуіне бақылау жүргізу; еңбек жағдаын жақсарту, мамандардың орындаушылық тәртібін және іскерлік біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: «Білім» немесе «Құқық» (құқыктану) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

С-О-4 санаты бойынша конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.
«ҚР сайлау туралы», «БАҚ туралы», «Жарнама туралы», «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы», осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін және техникалық регламенттерін білу.
Мемлекеттік қызмет саласында менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін, басқару психологияларының негіздерін, стратегиялық жоспарлау және талдау, жобалық менеджментті білгені жөн.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін 30 күнтізбелік күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелеiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегрленген ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде немесе «Е-gov» Үкімет электронды порталы арқылы, олардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктерілмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына сарапшылар және байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі.
Байқаушы сапасында конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150000, Петропавл қ., Пушкин көшесі, 81 үй, 203 каб. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті немесе office@skocontrol.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефондар 8(7152) 493500.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені_________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________
_____________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

20 __ ж. «___»_______________