Департамент туралы

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым қамтамасыз ету комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Ережеге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № 778 қаулысына сәйкес іске асырады.

Департамент мемлекеттік мекеменің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған жедел басқару, жалға алу және өзге де негіздер құқығында өзіне тиесілі жеке мүлікке иелік етеді, жеке балансы, мемлекеттік тілдегі аталуы көрсетілген мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіпте аумақтық қазынашылық органдарда ашылған шоттары болады.

3. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.