Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім мекемелерін аттестаттау

2022 жылғы 29-31 наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№1 Ленинград орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік аттестаттау өтті.

Мемлекеттік аттестаттау барысында №1 Ленинград орта мектебі жанындағы «Солнышко» шағын орталығында баланың өмірі мен денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құрылған. Әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша, жас топтары бойынша меңгеруге тиісті білім, білік, дағды және іскерліктердің көлемін меңгеру типтік оқу жоспарына сәйкес, нәтижеге бағытталған білім беру мазмұны мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарға сәйкес келеді.

№1 Ленинград орта мектебінде оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына, Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, оқу мерзіміне қойылатын талаптар орындалады.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№1 Ленинград орта мектебі» мемлекеттік мекемемінің оқу қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь