Меню KDT

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім беру мәселелерін нақтылау

12.05.2022 ж.Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өтті.

Спикерлер:

Ілиясова Ғалия Ситахметқызы – СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаметі басшысының орынбасары

Нұртаева Күлзағира Бикенқызы, білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Брифингте  1 тоқсандағы СҚО білім беру мекемелерінің мемлекеттік аттестаттаудан өту нәтижелері ұсынылды.

2022 жылы 86 оқу орнында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарлануда. Соның ішінде: 10 мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы, 66 бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы, 10 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы.

2022 жылдың 1 тоқсанында 16 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның ішінде 5 мектепке дейінгі ұйым, 11 орта білім беру ұйымы.

5 мектепке дейінгі ұйымның 1-і «Үздік» білім беру қызметін бағалауымен аттестатталса, 4-уі аттестатталмады.

11 орта білім беру ұйымының 1-і «жақсы» білім беру қызметін бағалауымен аттестатталса, 10-ы аттестатталмаған.

Нәтижесінде 16 білім беру ұйымының 2-і аттестациядан өтіп, 14-і аттестатталмады.

4 білім беру ұйымына «аттестатталды» деген шешіммен қайталама қорытынды шығарылды.

Мемлекеттік стандарттың ең көп тараған бұзушылықтары:

- ұйымдастырылған оқу қызметі кестесінің жұмыс және үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келмеуі;

- бекітілген өтпелі тақырыптарды есепке алмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтардың ұзақ мерзімді жоспарын құруы;

-мектепке дейінгі ұйымдардағы апталық оқу жүктемесінің көлемінің мемлекеттік білім беру стандартының білім беру мен оқыту тіліне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;

- оқушылардың дамуын бақылаудағы бұзушылықтар;

- оқу сабақтарының кестесіндегі, оның ішінде Kundelik электронды журналындағы пәндердің атаулары мен типтік оқу жоспарындағы олардың атауларының сәйкес келмеуі;

-  формативті және жиынтық бағалау кезінде жіберілген бұзушылықтар.

Мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бақыланады.

Анықталған біліктілік талаптарының бұзушылықтарының қатарында edu.kz аймағында үшінші деңгейлі домендік атауды тіркеудің болмауы, бейнебақылау жүйелерінің бейнетүсірілімдерді жедел басқару орталығына немесе аумақтық полиция органдарының кезекші бөлімшелеріне жіберу мүмкіндігінің болмауы, және бастауыш сыныптарда жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болмауы.

Мұндай бұз

Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қатысуынсыз мүмкін емес өйткені бюджеттен қаражат бөлуге байланысты.

Сонымен қатар, аталған мектептер негізгі жұмыс орны болып табылатын бірінші және жоғары санаттағы мұғалімдердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлес салмағының белгіленген нормативтерге сәйкессіздігі байқалады.

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациядан өтпеуі «Білім туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес мектептерді негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектеріне мемлекеттік білім туралы құжаттар беру мүмкіндігінен айыру қаупіне әкеп соғады.

Сонымен қатар брифингте 2022 жылдың 27 сәуірінде білім ғылым және Министірінің «Педагог құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» бұйрығына түсініктеме берілді.

Бұйрыққа сәйкес педагогтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген жұмыс түрелеріне тартуға;

педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты олардан талап етуге;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделмеген тексерулер жүргізуге;

оларға тауарлар (заттар, бұйымдар) мен әртүрлі қызмет түрлерін сатып алу бойынша міндетті жүктеугежол берілмейді.

Педагогтер Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңында және 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 172 бұйрығында көзделген құқықтары бұзылған жағдайда СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жүгіне алады.

ушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қатысуынсыз мүмкін емес өйткені бюджеттен қаражат бөлуге байланысты.

Сонымен қатар, аталған мектептер негізгі жұмыс орны болып табылатын бірінші және жоғары санаттағы мұғалімдердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлес салмағының белгіленген нормативтерге сәйкессіздігі байқалады.

Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациядан өтпеуі «Білім туралы» Заңының 39 бабының 3 тармағы 1 тармақшасына сәйкес мектептерді негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектеріне мемлекеттік білім туралы құжаттар беру мүмкіндігінен айыру қаупіне әкеп соғады.

Сонымен қатар брифингте 2022 жылдың 27 сәуірінде білім ғылым және Министірінің «Педагог құқықтарының бұзылуына жол бермеу туралы» бұйрығына түсініктеме берілді.

Бұйрыққа сәйкес педагогтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген лауазымдық нұсқаулықтарда көзделмеген жұмыс түрелеріне тартуға;

педагогтер жүргізуге міндетті құжаттар тізбесінде көзделмеген есептілікті не ақпаратты олардан талап етуге;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделмеген тексерулер жүргізуге;

оларға тауарлар (заттар, бұйымдар) мен әртүрлі қызмет түрлерін сатып алу бойынша міндетті жүктеугежол берілмейді.

Педагогтер Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңында және 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 172 бұйрығында көзделген құқықтары бұзылған жағдайда СҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жүгіне алады.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер

Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь