Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

2022 жылдың 15 маусымында облыстық "Үздік менеджер-2022" байқауының қалалық кезеңі

Бақылаушы орган - Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің- білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастығы әртүрлі формада болады, олардың бірі түрлі конкурстардың қазылар алқасының құрамында департамент қызметкерлерінің өкілдігі болып табылады.

2022 жылдың 15 маусымында облыстық "Үздік менеджер-2022" байқауының қалалық кезеңі өтті. Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М. А. Панарина қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

Байқауға қатысушылар – қалалық білім беру ұйымдарының басшылары портфолио мен авторлық бағдарламалар немесе педагогикалық идеялар ұсынды. Ұсынылған жұмыстардың талдауы өзектілік, жаңашылдық, ғылыми дұрыстық және әдістемелік сауаттылық, нәтижелілік және тәжірибеде қолдану, ақпараттық және тілдік сауаттылық сияқты өлшемшарттар бойынша жүргізілді.

Осындай іс-шараларға қатысу Департамент қызметкерлеріне білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері туралы кеңінен түсінік алуға мүмкіндік береді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь