Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Кезектен тыс тексерудің нәтижелері

Облыс мектептерінің бірінде білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымның орындалуын жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Ағымдағы жылдың маусым айында педагог Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментіне жүгінгенде, бекітілген оқу кабинеттерін мұғалімдердің қаражаты есебінен жөндеуге мәжбүрлеуде көрсетілген құқықтардың бұзылғаны туралы, сондай-ақ ақшалай қаражатты мәжбүрлеп жинау туралы хабарлады. Тексеру барысында фактілер расталды, басшы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Ұйғарымның орындалуын жоспардан тыс тексеру барысында педагогтердің құқықтарының бұзылуы анықталған жоқ.

Департамент «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге, оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейтінін ескертеді.

Сондай-ақ, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь