Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім беру ұйымдарының тәуекел дәрежесін бағалау рәсімі

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің қызметкерлері 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында бару арқылы профилактикалық бақылау үшін білім беру ұйымдарының тізімін жасау мақсатында олардың тәуекел дәрежесін бағалау рәсімін өткізуде.

Ұйымдарды іріктеу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №843 бірлескен бұйрығымен бекітілген критерийлер пайдаланылады.

Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізбесіне ең жоғары қауіп – ауырлық дәрежесін ескере отырып, бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы айқындалатын білім беру ұйымдары енгізіледі.

Бару арқылы профилактикалық бақылау аталған нормативтік құқықтық актімен бекітілген тексеру парақтары бойынша жүзеге асырылады.

Тәуекел дәрежесін бағалауға арналған материал білім беру ұйымдары, оның ішінде Ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБДБ) арқылы ұсынатын мониторинг есептері мен ақпараты, расталған шағымдар мен өтініштердің болуы мен саны, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынған ақпаратты талдау нәтижелері болып табылады.

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь