Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған семинар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына елеулі өзгерістер енгізілді, оның жаңа редакциясы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген.

Осыған байланысты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін бағалаудың тәсілдері өзгерді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерінің жаңа редакциясын енгізуге байланысты СҚО Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті облыста осы нормативтік құқықтық актіні іс жүзінде қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімінің көмегімен облыс орталығындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлеріне түсіндіру семинары өтті.

Семинарға қатысушылар мемлекеттік аттестаттау кезіндегі тексерілетін кезеңнің мәселелері, растайтын құжаттарды ұсыну форматы, МЖМС жаңа редакциясына көшу жағдайында оқушыларды топтарға қабылдау кезінде жас кезеңділігінің сақталуы, оқытушылардың білімінің олардың лауазымына сәйкестігі және басқа да мәселелер бойынша департамент өкілінен түсініктеме алды.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь