Меню KDT

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250

Жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты бақылау әдістері мен тәсілдері

27–28 ақпанда Педагогикалық шеберлік орталығы департаменттің қызметкерлерімен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақты бақылау әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты - мамандарға әдістемелік қолдау көрсету және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында сабақты тиімді бақылау және кері байланыс жасау дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Сабақ барысында Петропавл қ. ПШО филиалының тренері Надия Кадыровна Батырова мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, тиімді оқыту және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау аспектілері, сабақты жоспарлаудағы жаңа тәсілдер туралы айтты. Практикалық сабақтар деректерді жинау және талдау әдістерін, конструктивтік кері байланысты ұсыну және мұғалімнің рефлексивтік тәжірибесін дамытуға бағытталған.

Участие в родительских собранияхУчастие в родительских собраниях

 

Жаңалықтар

СҚО бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» алаңында «Білімді ел» республикалық саяси-қоғамдық газетінің бас редакторы Ляззат Максутовна Туркестановамен кездесу өтті. Әңгіме барысында аудандық білім бөлімдерінің басшылары баспасөз бетіндегі мақалалардың маңыздлығы, өзектілігі туралы сөз қозғап, көкейде жүрген мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, газет беттерінде сұрақ-жауап айдарының болуын, нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсіндіру жұмыстары болса деген ұсыныс айтты. Ауылдық мекендердегі мектептері мен ұстаздары туралы жиі жазылса деген пікір білдірді. Кездесуге қатысқандар еліміздің білім жүйесі мен ұстаздарына жеке арналған, білім берудегі озық тәжірибелерді дарытуға бағытталған баспасының барына өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге дайындығын көрсетті.

Участие в родительских собраниях

 

Жаңалықтар

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстық мекемелерінің басшылырымен Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті білім саласындағы заң бұзушылықтарға қатысты 2019 жылдың қорытынды ақпараты талқыланды.
Сонымен бірге, кездесу барысында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы және білім беру саласындағы өзекті мәселелері қаралып, білім беру мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру жөнінде бөлім басшыларының ой-пікірлері тыңдалып, нақты ұсыныстар әзірленді.

Участие в родительских собранияхУчастие в родительских собраниях

 

Мемлекеттік бақылаудың қорытындылары

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында облыстық мәслихаттың халықтың денсаулығын сақтау және оны әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия мүшелері, депутаттар алдында білім беру саласындағы мемлекеттік бақылаудың 2019 жылғы қорытындысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.А. Сұрағанова сөз сөйледі.

Участие в родительских собранияхУчастие в родительских собраниях

 

Толығырақ осыдан қарау

«Білім беру жүйесіндегі адами капитал» туралы дәріс

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында облыстық ардагерлер кеңесі активінің шақыруы бойынша СҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Е.С. Әбілдинов «Білім беру жүйесіндегі Адами капитал» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс соңында облыстық ардагерлер кеңесі активінің мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Совещание с руководителями управления, отделов образования СКОСовещание с руководителями управления, отделов образования СКОСовещание с руководителями управления, отделов образования СКО

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйым өкілдерімен кеңес

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерімен 2018 жылғы 24 желтоқсанда кеңес өтті, оған Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің бас маманы Марина Анатольевна Панарина «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің және білім беру саласындағы мемлекеттік бақылаудың нормативтік құқықтық базасы» мәселесі бойынша қатысты.

Совещание с руководителями управления, отделов образования СКОСовещание с руководителями управления, отделов образования СКО

 

СҚО білім басқармасы, бөлімдері басшыларымен кеңес

2017 жылғы 3 ақпанда СҚО білім басқармасы, бөлімдері басшыларымен кеңесте департамент басшысы Т. Әбілмәжінов, бөлім басшысы Т. Гапчич қатысушыларды 2016 жылғы білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік бақылау қорытындыларымен, ҰБМБ жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасы туралы мәліметтерді толтырудың сәйкестігіне жүргізілген монитринг нәтижелерімен таныстырды және «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайлы ақпарат берді.

Совещание с руководителями управления, отделов образования СКОСовещание с руководителями управления, отделов образования СКОСовещание с руководителями управления, отделов образования СКО

 

Қоғамдық қабылдау

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Т. Әбілмәжінов СҚО білім басқармасының басшысы Ш. Кариновамен бірлесіп «25 жұлдызды күн» аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.
Солтүстікқазақстандықтардан білім саласы мәселелері бойынша 7 өтініш келіп түскен болатын. Олардың барлығына азаматтар толық жауап алды.

Прием гражданПрием гражданПрием граждан

 

Папка 2016