Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу

2022 жылғы сәуірде Қазақстанда алғаш рет 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 55 - бабының 4-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасына жүйелі бақылау -           4 және 9-сынып оқушылары арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) жүргізіледі.

Біздің өңірде осы рәсімге 30 орта білім беру ұйымы тартылған. Сол мектептердің басшылығы үшін 2022 жылғы 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М. А. Панаринаның қатысуымен семинар өткізді.

Оларға жауапкершілік білім беру ұйымдарына жүктелетін ББЖМ өткізудің ұйымдастырушылық мәселелері бойынша (аудиторияларды дайындау, компьютерлік техниканың жұмысын қамтамасыз ету, педагогтар қатарынан кезекшілерді тағайындау және т.б.) түсініктемелер берілді. Компьютерлік тестілеу кезінде академиялық адалдықты сақтауға ерекше көңіл бөлінеді- ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды.

ББЖМ қорытындысы бойынша мектептерге білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеумен әдіснамалық көмек көрсетілетін болады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь