Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

МЕКТЕП ҒИМАРАТТАРЫНА АППАТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҰРАҚТЫ МОНИТОРИНГ ЖАСАУ КЕРЕК

ҰБДҚ мәліметтері бойынша облыста 97 мектеп күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді.  3 мектеп апатты деп танылды: Тайынша қ. № 1 орта мектебі, Вишневка ОМ. Жаңа мектептердің құрылысы басталды. Осы аудан бойынша тағы Драгомиров ОМ   ЖСҚ әзірленуде.

Бұдан басқа аудандардан алынған мәліметтер және департамент қызметкерлері жүргізген мониторинг бойынша тағы бірнеше білім ордаларының апатты жағдайға жақын немесе шұғыл түрде күрделі жөндеуді талап етеді деп атауға болады:

- Айыртау ауданы Новосветловка ОМ,  Комаровка НОМ (соңғысы бейімделген ғимарат, біліктілік талаптарға сәйкес келмейді).

- Уәлиханов ауданы Елтай ОМ (спорт залы ғимаратқа жапсарлас салынған, жұмыс істемейді).

- М.Жұмабаев ауданындағы Октябрьская ОМ, Ақжар ауданындағы Киев ОМ, Бестерек ОМ, Қарашілік ОМ, Бостандық ОМ,  Уалиханов ауданындағы Кішкенекөл қазақ гимназиясы, Қызылту ОМ.

         ҰБДҚ мәліметтері бойынша, өңірдегі 472 білім беру нысанының 85-і (18%) бейімделген ғимараттарда, 387-сі типтік ғимараттарда орналасқан.

         Кірпіштен салынған білім беру ұйымдары басым, ондай 302 нысан бар, Аққайың ауданындағы Түмен негізгі мектебі  қамыстан салынған.

         Сонымен қатар, ағаштан жасалған 3 бастауыш мектеп бар. Олар: Мағжан Жұмабаев ауданында – Образец, Еремеевка бастауыш мектептері, Шал ақын ауданында – Жаңаталап бастауыш мектебі.

         Осымен қатар облыста өткен ғасырдың бірінші жартысында  салынған  мектептер бар: Петропавл қаласының № 31 орталау мектебі, Петропавл қаласының бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейі – салынған жылы -1936 ж. Жалпы өңір бойынша 271 мектеп (58,4%) 1930-1979 жылдары салынған, сондықтан жергілікті атқарушы органдар бұл ғимараттарға тұрақты түрде аппаттық жағдайды алдын алу мақсатымен мониторинг жасап отырырғаны дұрыс болады, қажетінше күрделі жөндеу жұмыстарына қаржыландыруы да бірінші кезекте болса.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь