Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

«AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Г.С.Ильясова 2022 жылғы 29 қыркүйекте «AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.
Күн тәртібіндегі қарастырылып отырған мәселелердің бірі «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым: люктер, аулаларды жарықтандыру, аулалардағы электр қалқандарының қауіпсіздігі, қозғалыс қауіпсіздігі, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі терезелерге блокираторлар орнату» мәселесі болды.
Осы мәселе бойынша СҚО Білім басқармасы, СҚО ПД ЖПҚ басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тыңдалды.
Мемлекеттік органдар білім беру және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл ұйымдар жыл сайын жаңғыртылатын бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі талаптардың нормалары сақталады. Барлық объектілер штаттық бірліктер есебінен күзетпен (күзетшімен) қамтамасыз етілген, сондай-ақ жеке күзет агенттіктерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Пультті күзет (дабыл түймелері), дауыстық ескерту жүйесі, кіруді басқару және бақылау жүйесі бар.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы тұрақты негізде, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалар жарақаттануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде және оларға қоса берілетін аумақтарда көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының жай-күйіне тексеру жүргізіледі.
Облыста бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицид мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, оның шеңберінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь