Меню KDT

 

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЛАРЫ

 

block2_eop.png?_=1668574250
<

введите текст

Список пуст

жаңалықтар

СҚО арнайы білім беру мекемелеріндегі мониторинг

2022 жылғы 3-8 қазан аралығында облыс аумағында Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру бойынша 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасының іс – шараларын іске асыру шеңберінде мониторинг жүргізілді.

Басшының орынбасары Г.С. Ильясова Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдары мониторингісінің жұмыс тобының құрамына кірді

Мониторингтің міндеттері: өңірде білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетуді, оңалту көмегінің қолжетімділігін, арнайы білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерін бағалауды, мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды бағалауды зерделеу.

Облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 139 866 бала, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар - 4 045.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 26 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді (7 арнайы мектеп-интернат, 3 психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация, 15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 «Асыл Мирас» Аутизм орталығы).

Арнайы мектеп-интернаттарда 667 оқушы оқиды.

Петропавл қаласының 6 балабақшасында 13 арнайы топ жұмыс істейді, онда әртүрлі бұзушылықтары бар 136-дан астам бала тәрбиеленуде.

Облыстың 2 мектебінде («Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектебі» КММ, Петропавл қ., Жамбыл ауданының «И.П. Шухов атындағы Пресновская ОШГ» КММ) 37 оқушыны қамти отырып, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныптар жұмыс істейді.

Инклюзивті білім беру үшін  мемлекеттік балабақшалардың 77% - ы (61-ден 47-сі); мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 82,2% - ы (454-тен 373-і) жағдайлар жасады.

Облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беру бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Жұмыс тобының мүшелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсынымдар мен ұсыныстар берді.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь